Бағдар, миссия және мақсаттар

БАҒДАР:

АХҚО-да және Еуразия өңірінде азаматтық және коммерциялық дауларды шешу бойынша жетекші сот болу.

МИССИЯ:

AХҚО Соты азаматтық және коммерциялық дауларды тез арада шешу үшін халықаралық бизнестің талаптарына сай келетін сенімділік, әділеттілік және қолжетімділікпен, заңның ұлықтығы қағидатының мүлтіксіз қолданылуымен сипатталатын жалпы құқықтың толық тәуелсіз сот жүйесін құрайды және дамытады.  

МАҚСАТТАР:

• AХҚО Сотының судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық іскерлік және құқықтық қауымдастықтардың АХҚО Сотының сот төрелігі сыртқы қысымсыз және заң нормаларын орындау бөлігіндегі өкілеттіктермен мүмкіндіктердің болуымен жүзеге асатындығына сенімін қолдау;

• АХҚО-да, Қазақстанда, Еуразия өңірінде  және бүкіл әлемде әкімшілік ету мен сот төрелігінің қолжетімділігіне сенімділікті арттыру арқылы өңірлік сауданың өсуіне жәрдемдесу;

• Инновациялық және технологиялық тұрғыда дамыған коммерциялық сот болу және үнемі жұмыс процестері мен стандарттарын жетілдіруге ұмтылу;

• Қазақстандағы, Еуразия өңіріндегі және басқа, әсіресе, Қазақстан тығыз сауда байланыстары бар юрисдикциялардағы өзге де соттармен ынтымақтасу және іскери қарым-қатынастар орнату;

• Қазақстанда және Еуразия өңірінде заңгерлер мен судьялардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жоғары сапалы заңгерлік білім беру мен оқытуға қолдау көрсету.

 

Қаз
Eng Рус