Баспасөз хабарламалар

24.12.2019
2019 жылдың ішінде АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы (бұдан әрі - ХТО) бес істі қарастырды. Шетелдік қаржы орталықтарындағы ұқсас соттар мен арбитраждарға қарағанда, бұл екі орган қызметінің қазіргі кезеңіндегі айтарлықтай жетістік.
30.11.2019
АХҚО Сотына жаңадан үш төреші тағайындалды: Лорд Манс, Алан Маклин QC және Чарльз Баннер QC
19.11.2019
АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығы (бұдан әрі – «ХТО) Ресейдің жетекші төрелік институтымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
31.10.2019
АХҚО соты және Халықаралық төрелік орталығы (бұдан әрі – ХТО) студенттердің атақты «Moot Court» заңгерлік жарысын өткізді. Биылғы жылы жарыс Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО аумағындағы АХҚО соты мен ХТО-ның ғимаратын ресми түрде ашқан мезеттен бастап алғаш рет АХҚО сотының жаңа тыңдау залында өтті
17.09.2019
17 қыркүйекте АХҚО Сотының Төрағасы лорд Вульф өзінің «АХҚО Соты: бағыт-бағдары» атты кітабын Нұр-Сұлтан қаласында АХҚО Сотындағы арнайы көрсетілімде заңгерлік және іскери орта өкілдеріне таныстырды. Кітапты АХҚО Сотының және Халықаралық төрелік орталығының тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза редакциялаған.
04.07.2019
4 шілдеде АХҚО Соты, Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығымен (ЕВРОБАК) Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды. ЕВРОБАК АХҚО сотының және ХТО-ның стратегиялық серіктесі болып табылады.
04.07.2019
4 шілдеде АХҚО Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) Төрелік-Медиация немесе «Арб-Мед» атты жаңа қызметін іске қосты. Арб-Мед аясында дау төреліктің қарауына жіберіледі. Егер тараптар өз дауын төрелікте шешпейтін болса, олар дауды медиация жүргізу жолымен шешуді талап ете алады.
06.06.2019
Лига АХҚО Сотының, Халықаралық төрелік орталықтың және SIGNUM заң фирмасының бастамасы бойынша Қазақстан мен Еуразия елдерінің құқықтық департаменттері мен заң қызметтерінің жетекші басшыларының кездесулерін өткізу, олардың жұмысына және тиісті заңдық және іскерлік тәжірибелеріне қатысты өзекті мәселелерді талқылау үшін платформа ретінде құрылды.
16.04.2019
16 сәуірде Қазақстан Республикасы Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті ("Комитет") Комитет Төрағасы Георгий Ким мырзаның бастауымен кезекті көшпелі отырысын ЭКСПО-2017 аумағындағы АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығы ("ХТО") ғимаратында өткізді.
05.03.2019
4 наурызда АХҚО соты және Халықаралық төрелік орталығы («ХТО») Англия және Уэльс заңгерлер қауымдастығымен (Law Society of England and Wales) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Заңгерлердің қауымдастығы АХҚО және ХТО сотының өз юрисдикцияларында және халықаралық деңгейде заң үстемдігін қамтамасыз етуде және ілгерілетуде стратегиялық серіктесі болып табылады.
Қаз
Eng Рус