БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ: Халықаралық төрелік орталығы инвесторлар үшін жаңа қызметті іске қосты

04.07.2019

4 шілдеде АХҚО Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) Төрелік-Медиация немесе «Арб-Мед» атты жаңа қызметін іске қосты. Арб-Мед аясында дау төреліктің қарауына жіберіледі. Егер тараптар өз дауын төрелікте шешпейтін болса, олар дауды медиация жүргізу жолымен шешуді талап ете алады.

Арб-Мед қызметі ХТО Төрағасы Барбар Доманның басшылығымен, сондай-ақ екі төреші Стефана Григолли мен Томас Крюмельдің қатысуымен жүргізілетін төрелік іс қарау және медиация арқылы қаржылық дауды шешудің қойылған үдерісінің таныстырылымы аясында іске қосылды. ХТО төрешілері мен медиаторлары тізілімінде тұрған АХҚО Сотының судьясы сэр Робин Джэйкоб медиатор рөлін атқарды. Қазақстан заң қоғамдастығының төрт жетекші заңгері төрешілер мен медиаторларға өз дәлелдерін ұсынды.

Төрелік-медиация қызметі және үдерістің таныстырылымы Еуразия аумағындағы халықаралық төрелік орталығында алғаш рет өткізілуде. Басқа төрелік орталықтарда ұсынылатын Арб-Мед қызметтерінен айырмашылығы – ХТО-да медиация жолымен дауды шешу үшін тағайындалған медиатор сондай-ақ төрелік іс қарау шеңберіндегі дауды қарайтын төреші ретінде әрекет етпейді. Медиатор төрешілерден тәуелсіз тұлға және бейтарап делдал болып табылады. ХТО Арб-Мед қыметінің ұсынылуы коммерциялық дауларды аса тиімді және экономикадан тыс әдіспен шешу бойынша ХТО мүмкіндігін әрі қарай нығайтады деп күтілуде.

Қазіргі таңда ХТО-да 36 қазақстандық оқудан өтті, олар медиация жүргізу бойынша оқыту бағдарламаларының үздік жеткізушісі болып табылатын Лондондағы Дауларды тиімді шешу жөніндегі орталықпен берілген медиатордың халықаралық аккредиттеуі мен біліктілігін алды. Соңғы рет мұндай тренингтер Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2019 жылғы маусым айында өткізілді.

ХТО және АХҚО Соты аппаратының Басшысы және Тіркеушісі Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза былай деп түсіндірді:

«ХТО мақсаты – Еуразияда дауларды баламалы жолмен шешу үшін нөмірі «бірінші» таңдау болып табылады. Арб-Мед – біздің ең жаңа бастамамыз, біз оны бүгінгі таңда қуана отырып іске қосамыз. Біз сондай-ақ ХТО-да тараптардың дауларды мүмкіндігінше жылдамырақ және тиімдірек шешуін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда үздік халықаралық медиация стандарттарын ұсыну біліктілігі бар медиаторлар қоғамдастығын дамытамыз».

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО АХҚО 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте алғаш рет ағылшын құқығы қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі ағылшын тілі болады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу; Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниетті. www.aifc.kz

АХҚО соты АХҚО соты тәуелсіз орган болып табылады және Англия мен Уэльстің жалпы құқығы қағидаттарына және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген. АХҚО соты өз қызметінде тәуелсіз. АХҚО соты бірінші сатыдағы соттан және апелляциялық соттан тұрады. Күрделігі мен сомасы бойынша болмашы дауларды жедел шешуді қамтамасыз ету үшін бірінші сатыдағы сотқа болмашы даулар соты кіреді. АХҚО соты әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырмайды және қатысушылар, АХҚО органдары арасындағы дауларды және АХҚО құқығына сәйкес АХҚО-да жүзеге асырылған операциялар бойынша дауларды шешуді қамтамасыз ету үшін айрықша юрисдикциясына ие. Сонымен қатар, АХҚО соты тараптардың келісімі бойынша АХҚО сотына берілген дауларды қарай алады. www.aifc-court.kz

АХҚО халықаралық төрелік орталығы АХҚО халықаралық төрелік орталығы тәуелсіз орган болып табылады және Англия мен Уэльстің жалпы құқық қағидаттарына және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген. ХТО төрешілерінің құрамына жер қойнауын пайдалану, сауда, мұнай-газ секторы, құрылыс, энергетика, Ислам қаржылары, банкинг, зияткерлік құқық және коммерциялық және азаматтық құқықтың басқа да салалары бойынша көп жылдық тәжірибесі бар жетекші халықаралық төрешілер кіреді. www.aifc-iac.kz 

Қаз
Eng Рус