БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ: Сенаторлар АХҚО сотына және Халықаралық төрелік орталығына барды

16.04.2019


16 сәуірде Қазақстан Республикасы Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті (бұдан әрі – Комитет) Комитет Төрағасы Георгий Ким мырзаның бастауымен кезекті көшпелі отырысын ЭКСПО-2017 аумағындағы АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығы (бұдан әрі – ХТО) ғимаратында өткізді.

АХҚО Сотының Төрағасы Лорд Вульф сенаторларды органның юрисдикциясымен, оның қызметін реттейтін қағидаларымен және регламентімен таныстырды. ХТО Төрағасы Барбара Доманн QC ханым Комитетке дауларды шешудің ХТО алаңында қолжетімді баламалы әдістерін таныстырды. АХҚО Соты мен ХТО шешімдерінің қалай орындалатындығы туралы ақпаратпен АХҚО Соты және ХТО аппаратының Тіркеушісі және басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза бөлісті. Сонымен қатар отырыс барысында депутаттар АХҚО Сотының төрешілерінің бірі – Сэр Джек Битсонмен танысты.

Отырыс барысында АХҚО Соты және ХТО Сенат Комитетімен бұдан былайғы ынтымақтастық және өзара қолдау мүмкіндіктерін талқылады. Комитет мүшелерін АХҚО алаңында ағылшындық жалпы құқықты қолдану тәжірибесі ерекше қызықтырды. Отырыс АХҚО Соты мен ХТО заманауи тыңдау залдарын, сонымен қатар дәріс залын барып көрумен аяқталды.

АХҚО Сотының Төрағасы Лорд Вульф былай деп түсініктеме берді:

«Біз Қазақстан Республикасы Сенатынан келген құрметті қонақтарды қабылдағанымызға, сонымен қатар олардың АХҚО Соты мен ХТО-на үлкен қызығушылықтары туралы білгенімізге өте қуаныштымыз. Сенаттың түсіністігі және қолдау көрсетуі біздің табысымыздың жалғасты болуы үшін және біздің негізгі міндетімізге – дауларды шешу бойынша Еуразияда бірінші нөмірлі болуымызға қол жеткізуде маңызды роль атқарады».

 Анықтамалық ақпарат:

АХҚО 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте алғаш рет ағылшын құқығы қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі ағылшын тілі болады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу; Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниетті. www.aifc.kz

АХҚО соты АХҚО соты тәуелсіз орган болып табылады және Англия мен Уэльстің жалпы құқығы қағидаттарына және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген. АХҚО соты өз қызметінде тәуелсіз. АХҚО соты бірінші сатыдағы соттан және апелляциялық соттан тұрады. Күрделігі мен сомасы бойынша болмашы дауларды жедел шешуді қамтамасыз ету үшін бірінші сатыдағы сотқа болмашы даулар соты кіреді. АХҚО соты әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырмайды және қатысушылар, АХҚО органдары арасындағы дауларды және АХҚО құқығына сәйкес АХҚО-да жүзеге асырылған операциялар бойынша дауларды шешуді қамтамасыз ету үшін айрықша юрисдикциясына ие. Сонымен қатар, АХҚО соты тараптардың келісімі бойынша АХҚО сотына берілген дауларды қарай алады. www.aifc-court.kz

АХҚО халықаралық төрелік орталығы АХҚО халықаралық төрелік орталығы тәуелсіз орган болып табылады және Англия мен Уэльстің жалпы құқық қағидаттарына және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген. ХТО төрешілерінің құрамына жер қойнауын пайдалану, сауда, мұнай-газ секторы, құрылыс, энергетика, Ислам қаржылары, банкинг, зияткерлік құқық және коммерциялық және азаматтық құқықтың басқа да салалары бойынша көп жылдық тәжірибесі бар жетекші халықаралық төрешілер кіреді. www.aifc-iac.kz 




Қаз
Eng Рус