ПРЕСС-РЕЛИЗ: АХҚО соты, Халықаралық төрелік орталық және Англия мен Уэльс заңгерлер қауымдастығы өзара түсіністік туралы Меморандумдарға қол қойды

4 наурызда АХҚО соты және Халықаралық төрелік орталығы («ХТО») Англия және Уэльс заңгерлер қауымдастығымен (Law Society of England and Wales) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Заңгерлердің қауымдастығы АХҚО және ХТО сотының өз юрисдикцияларында және халықаралық деңгейде заң үстемдігін қамтамасыз етуде және ілгерілетуде стратегиялық серіктесі болып табылады. 

Қол қою рәсімі Англия және Уэльс заңгерлері қауымдастығы Адвокаттар кеңесімен (Bar Council), АХҚО және ХТО сотымен бірлесіп ұйымдастырған арнайы семинар шеңберінде өтті. Семинарды Англия және Уэльс Заңгерлері қауымдастығының президенті Кристина Блэклос ашты. 

«Біз АХҚО және ХТО сотымен өзара түсіністік туралы Меморандумдарға қол қоюға қуаныштымыз. Олар ағылшын ортақ құқығын халықаралық деңгейде ілгерілетуге көмектеседі деп сенімдіміз. Заңгерлер қауымдастығы АХҚО-дағы әріптестерімізбен ағылшын ортақ құқығы саласында тәжірибе және үздікіс-тәжірибелермен алмасуға ниетті. Біз Қазақстандағы заң мамандығы тәуелсіздігімен заң үстемдігін қорғау және нығайту жөніндегі ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Біздің мүшелеріміз халықаралық деңгейде жұмыс істейді, АХҚО біздіңм үшелерімізге өздерінің клиенттерінің мүддесі үшін қазақстандық әріптестерімен ынтымақтасуға мүмкіндік береді», - деді К. Блэклос.

«Мен біздің ынтымақтастығымыз Меморандумның арқасында заң үстемдігін одан әрі дамытуға және Ұлыбританияда, Қазақстанда және халықаралық деңгейде ілгерілетуге жәрдемдесетін болады деп сенімдімін. Меморандум халықаралық заң қызметтерінің маңыздылығын және сондай-ақ біздің Қазақстандағы АХҚО сотын қоса алғанда, соттардағы ең жоғары кәсіби стандарттар менжүріс-тұрыс ұстанымдарына бейімділікті одан әрі баса көрсетеді», - деп атап өтті АХҚО сот төрағасы, Лорд Вульф.

«Біз Заңгерлер қауымдастығымен және оның мүшелерімен белсенді ынтымақтасуға қуаныштымыз. Меморандум біздің өзара түсіністігімізді тереңдетуге көмектеседі және бірлескен жұмысқа үлес қосады, өйткені ХТО Еуразиядағы дауларды баламалы шешу үшін таңдаудың бірінші нөмірі болуға ұмтылады», - деп атап өтті ХТО төрағасы, Барбара Доманн QC.

Семинар шеңберінде Британдық заңгерлер АХҚО және ХТО сотымен, олардың қызметтерін пайдалану тәртібімен, ТМД аймағындағы клиенттер үшін ынтымақтастықтың және жұмыстың болашақ мүмкіндіктерімен танысты. 

Заңгерлер қауымдастығы-Англиядан және Уэльстен 180 000 астам адвокаттары бар кәсіби қауымдастық. Ол адвокаттардың құқықтарын ұсынады, алға бастырады және қолдайды. Қауымдастық заң барлығы үшін бірдей және сотәділдігіне барлығының қол жеткізу үшін кепілдігі үшін жұмыс істейді. 

Заңгерлер қауымдастығы АХҚО және ХТО сотының білім беру және ақпараттық қызметіне белсенді қатысатын болады. Кәсіпқойлық пен клиентке қамқорлық жасаудың жоғары стандарттарына сүйене отырып, заң мамандығын дамыту үшін бірлескен семинарлар мен тренингтер жоспарланған. 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте алғаш рет ағылшын құқығы қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу; Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарнарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз етуболып табылады. АХҚО сондай-ақ елде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниетті. www.aifc.kz

АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз орган болып табылады және Англия мен Уэльстің жалпы құқығы қағидаттарына және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген.

АХҚО соты өз қызметінде тәуелсіз. АХҚО соты бірінші сатыдағы соттан және апелляциялық соттан тұрады. Күрделігі мен сомасы бойынша болмашы дауларды жедел шешуді қамтамасыз ету үшін бірінші сатыдағы сотқа болмашы даулар соты кіреді.

АХҚО соты әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырмайды және қатысушылар, АХҚО органдары арасындағы даулардыж әне АХҚО құқығына сәйкес АХҚО-да жүзеге асырылған операциялар бойынша дауларды шешуді қамтамасыз ету үшін айрықша юрисдикциясына ие.

Сонымен қатар, АХҚО соты тараптардыңк елісімі бойынша АХҚО сотына берілген дауларды қарай алады. www.aifc-court.kz 

АХҚО халықаралық төрелік орталығы (AIFCInternational Arbitration Centre) тәуелсіз орган болып табылады және Англия менУэльстің жалпы құқық қағидаттарына және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген.

ХТО төрешілерінің құрамына жер қойнауын пайдалану, сауда, мұнай-газ секторы, құрылыс, энергетика, Ислам қаржылары, банкинг, зияткерлік құқық және коммерциялық және азаматтық құқықтың басқа да салалары бойынша көп жылдық тәжірибесі бар жетекші халықаралық төрешілер кіреді. www.aifc-iac.kz 

 

Қаз
Eng Рус