Алғысөз

АХҚО Сотының Төрағасы

Мен АХҚО Сотының атынан Сіздерге деген ыстық ықыласымды жеткізіп отырғаныма қуаныштымын. АХҚО Сотының құрылуы Қаржы орталығы, Қазақстан Республикасы және тұтас Еуразия өңірі үшін қызықты әрі аса маңызды бастама болып табылады.

АХҚО Соты Еуразиядағы ағылшын жалпы құқығы нормалары мен қағидаттарына негізделген ең алғашқы сот жүйесі. Ол АХҚО-дағы азаматтық және коммерциялық дауларды шешу үшін ең үздік халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейді. Ол АХҚО-дағы қызметпен байланысты туындайтын дауларға, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша АХҚО-ның Сотына берілген дауларға қатысты айрықша юрисдикцияға ие. 

АХҚО Соты өз әрекетінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасы Сот жүйесінің бөлігі болып табылмайды. Бұдан басқа, шешімдері түпкілікті болып табылатын Апелляциялық сот жұмыс істейді. АХҚО Сотының ағылшын жалпы  құқығының нормалары мен қағидаттарына және үздік халықаралық практикаға негізделген дербес рәсімдік қағидалары бар. Сонымен бірге, 150,000 АҚШ долларына дейінгі мөлшердегі шағын талап-арыздарды қарастыратын арнайы жедел рәсімі көзделген.  

АХҚО Соты электронды құжат айналымы жүйесін қолданады, бұл тараптарға  Астана қаласында болмай-ақ әлемнің кез келген нүктесінен АХҚО Сотына электронды түрде талап-арыздарды жіберуге мүмкіндік береді.  

Талап-арыздарды басқарудың тиімді әрі жедел жүйесі істердің қысқа мерзімде және тиісті түрде өңделіп, қаралатындығына кепілдік береді. Сот шешімдерінің орындалуы Қазақстан Республикасындағы атқарушы биліктің сенімді жүйесімен қамтамасыз етіледі. 

Сондай-ақ, Төраға ретіндегі өзімнен басқа, AХҚО сотында сегіз судья жұмыс істейді. Алтауы – АХҚО-ның Бірінші сатыдағы соты мен Апелляциялық сотындағы істерді қарауға уәкілетті, жекелеген судьялар шағын талап-арыздар бойынша талқылауларды жүргізеді. Барлық судьялар абсолютті тәуелсіз, бейтарап, адал, заңның ұлықтығы қағидатын мүлтіксіз қолданушы және таза болуларына байланысты халықаралық беделге ие жалпы құқық жүйесіндегі ең тәжірибелі және көрнекті судьяларболып табылады.

Сонымен қатар, АХҚО Сотында Тіркеушінің басшылығы мен істерге  әкімшілік ету, сотқа дейін қараужәне дайындаумен айналысатын жоғары кәсіби команда бар.    

АХҚО Сотында сотта сөз сөйлеуге аса кең қолжетімділік беріледі. Юриспруденция немесе адвокатура салаларындағы жарамды кәсіби лицензиялары бар әлемнің кез-келген бөлігіндегі заңгерлер сертификаты бар барлық кәсіби заңгерлер немесе адвокаттар AХҚО Соты қарастыратын талап-арыздар бойынша тараптардың мүдделерін білдіру үшін АХҚО Сотында  тіркелуге құқылы. 

Астанадағы ЭКСПО-2017 алаңында заманауи ақпараттық технологиялар жүйесімен жарақтандырылған және мәжіліс залдары, аудиториялар мен тыңдауға арналған залдары бар АХҚО Сотының Палаталары тұрақты негізде жұмыс істейтін болады.

Сот Қазақстан Республикасында болашақ заңгерлер мен судьялардың біліктілігін арттыруға ықпал ететін әлемдік деңгейдегі кәсіби заң  білімін беру үшін жетекші халықаралық білімберу мекемелерімен ынтымақтасуда. 

AХҚО Сотындағы судьялар, рәсімдер, практика мен стандарттар бүкіл әлем бойынша ірі қаржы орталықтарында бизнестерін жүргізетін компанияларға жақсы таныс.

АХҚО Сотына қош келдіңіздер!

Лорд Вульф 

AХҚО Сотының Төрағасы

 

Қаз
Eng Рус